Ауру кезінде емшек емізу: аналар не істеуі керек? 

«Ананың жұмысы ешқашан бітпейді» деген көне мақал бар. Ас әзірлеу, үй жинау, күтім жасау және отбасыға қамқор болу… Психикалық және физикалық жүктеме ешқашан тоқтамайды. Бұл әсіресе ана суық тиіп немесе тұмау жұқтырған кезде қиынға соғады. Иә, тұмау мен суық тию маусымы бүкіл отбасы үшін қиын кезең, бірақ әсіресе емшек емізетін аналар үшін ауыр тиеді. Олар көбінесе ауырған кезінде баланы емізуді жалғастыру керек пе деген сұраққа тап болады, және біз осы мәселені түсіндіруге көмектесеміз.

Біз айтқандай, ауру кезінде емізу ана үшін үлкен сынақ болуы мүмкін. Негізінен, қауіпсіздік шараларының кейбірі бар, бірақ бұл да өте жағымсыз тәжірибе. Сіз тұмаумен ауырып немесе суықтап қалғанда, бір ғана қалауыңыз – төсекке жатып демалу. Алайда, емізетін аналардың әдетте мұндай мүмкіндігі жоқ. Сұрақ туындайды…

Анасы ауырғанда баланы емшекпен емізу қауіпсіз бе?

Уайымдамаңыз, егер қолыңызды жуу немесе бетперде тағу сияқты гигиеналық шараларды қолдансаңыз, сіздің балаңыз қауіпсіз болады. Шын мәнінде, көптеген медициналық қызметкерлер аналарға ауру кезінде де балаларын емізуді ұсынады, себебі бұл сүт шығару процесін жалғастырады.

Емшек емізу сонымен қатар, ауру кезінде организмде пайда болатын және сүтте сақталатын антиденелер арқасында, балаңызды суық, тұмау немесе басқа аурулардан жақсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Емшек емізу кезінде дәрі қабылдау қауіпсіз бе?

Егер сіз тұмау немесе суық тиюге қарсы дәрі қабылдауды ойласаңыз, ең дұрысы – дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу. Медицина маманымен кеңеспей ешқандай дәріні қабылдамаңыз, өйткені кейбір дәрілер балаға зиян тигізуі мүмкін.

Жалпы, парацетамол мен ибупрофен сияқты рецептсіз берілетін дәрілерді ұсынылған мөлшерде және қысқа уақытқа ауырсыну мен қызбаны төмендету үшін қабылдау емшекпен емізу кезінде қауіпсіз деп саналады. Егер сізге антибиотик қабылдау қажет болса, оны емізу кезінде қолдануға болатынын дәрігерден нақтылап сұраңыз.

Тағы не істеуге болады?

Витаминдер мен минералдардан тұратын витамин-минералды кешенін қабылдауға болады. Ана ағзасы емшекпен емізу, ұйқының жеткіліксіздігі және осы кезеңнің басқа да қиындықтарына байланысты әлсірейді. Сондықтан қажетті микроэлементтермен байытылған қоспалар иммундық жүйеңізге ғана емес, жалпы денсаулығыңызға пайдалы болады.

Сонымен қатар, суық тиген кезде денені жақсы ылғалдандыруға ерекше назар аудару маңызды. Көп су ішіңіз, сондай-ақ ауа ылғалдандырғышты пайдаланыңыз. Құрғақ ауа мен нашар желдету суық тиюдің ауырлауына әкелуі мүмкін. Демалуға тырысыңыз және, ең бастысы нәрестеңіз ұйықтағанда сіз де ұйықтауға тырысыңыз. Біз оның әрдайым мүмкін еместігін білеміз, бірақ денеңіздің тынығуы ауру кезінде өте маңызды, сондықтан мүмкіндігінше көбірек демалуға тырысыңыз. Бұл, сөзсіз, үй шаруасын азайтып, физикалық еңбектен бас тартуды да қамтиды.

Ауру кезінде емшекпен емізу белгілі бір қиындықтар тудырады және ана үшін нағыз сынақ болуы мүмкін. Бірақ сабыр сақтап, осы кезеңде не істеу және қандай дәрі қабылдау керектігі туралы дәрігердің кеңестерін орындауға тырысыңыз. Көптеген аналар бұл жағдайды бастан өткереді. Бұл да өтеді.

Нәрестені емізуге ояту: жақсы ма әлде жаман ба? 

«Ұйықтап жатқан нәрестені оятпа» деген ескі мақал бар. Егде жастағы адамдар жас аналарға мұны жиі айтады, солай емес пе? Бірақ бүгінгі күні бұл ереже ескірді. Қазіргі заманғы жетекші педиатрлар керісінше ұсынады… Біз бұған кейінірек ораламыз.

Нәрестенің ұйқысы ересек адамның ұйқысынан өзгеше

Ең маңызды нәрсе – нәрестелер өмірінің алғашқы жылында көп ұйықтайтынын түсіну. Бұл – қалыпты құбылыс, өйткені олар бұл кезеңде өте жылдам өседі. Ми мен дененің дұрыс дамуы үшін оларға демалу мен сапалы ұйқы қажет.

Мамандар 12 айға дейінгі нәрестелерге тәулігіне 12-16 сағат ұйқы керек екенін айтады. Бұл уақытқа күндізгі ұйқы да кіреді. Сондықтан балаңызға ұйықтауға мүмкіндік беріңіз.

Сонымен қатар, нәрестелерде күн мен түннің ауысуын шатастыру жиі кездеседі, өйткені олардың циркадтық ырғағы әлі толық дамымаған. Бірақ егер бала түнге қарағанда күндіз көбірек ұйықтаса, бұл мәселе болуы мүмкін.

Қорытындылай келе, сіз балаңыздың күндіз ұйықтап, түнде сергек жүргенін қаламайсыз ғой? Сондықтан, егер күндізгі ұйқы 3 сағаттан асып кетсе, баланы оятуға болады.

Ендеше, нәрестені ояту керек пе?

Иә, нәрестені ояту қалыпты жағдай, тіпті кейбір жағдайларда бұл қажет болған:

Жоғарыда айтқанымыздай, егер күндізгі ұйқы 3 сағаттан асып кетсе, баланы оятуға болады.

Жаңа туған нәрестелерге күніне 12 ретке дейін емізу қажет, яғни оларды әр екі-үш сағат сайын тамақтандыру керек. Жиі емізу нәресте мен ана үшін пайдалы. Ана емізген сайын сүт мөлшерін реттейді. Емшекпен емізу сұраныс пен ұсыну қағидасына негізделген. Балаңызды неғұрлым жиі емізсеңіз, соғұрлым көбірек сүт бөлінеді.

Қоспамен (аралас тамақтандырумен) өсіп келе жатқан балалар емшек сүтімен қоректенетіндерге қарағанда тамақтану аралығын ұзартуы мүмкін, көбінесе 3 сағатқа дейін. Бұл қоспаның ана сүтіне қарағанда баяу қорытылуымен байланысты. Нәрестенің ас қорыту жүйесі әлі жетілмегендіктен, ауырлау сүт қоспаларын өңдеу үшін көбірек уақыт қажет болады.

Жаңа туған нәрестелер өмірінің алғашқы екі аптасында туған кездегі салмағының шамамен 10%-ын жоғалтуы мүмкін, сол себепті сау салмаққа жету мақсатында жиі тамақтандыру ұсынылады.

Нәрестені оятуға тағы бір себеп – лас немесе ылғалды жөргек. Сіз өз кішкентайыңызды лас жөргекте тым ұзақ қалдырғыңыз келмейтіні сөзсіз. Оәткені бұл нәрестеге жөргектің әсерінен пайда болған боздану мен бөртпелерін тудырып, сәбидің мазасыздануына әкелуі мүмкін.

Сонымен баланың түнгі ұйқысын қалай ұзартуға болады? Балаңыздың түнгі ұйқысын жақсартудың ең жақсы әдісі – бірізділік пен тұрақты күн тәртібін енгізу. Нәрестелер белгілі бір ырғақ пен болжамды ортаға жақсы жауап береді. Сондықтан күн сайын белгілі бір уақытқа сәйкес келетін ұйықтау режимін енгізу ұсынылады. Ал түнгі ұйқыға дайындалу келесі қадамдардан тұруы мүмкін: жұмсақ ванна, жөргекті ауыстыру, жаңа таза киім, тамақтандыру, содан кейін төсекке жатқызу. Сонымен қатар, баланы шаршау күйіне жеткізбеуге тырысыңыз. Себебі шаршаған, жылауық және тынышсыз нәрестелерді тыныштандыру қиын. Сондықтан, күн тәртібінен бастаңыз, балаңыздың шаршау белгілерін қадағалаңыз. Осы күн тәртібін сақтау балаға қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімін береді, бұл оның ұйқы сапасын жақсартады.

Докозагексаен қышқылы (ДГҚ) жүктілік және лактация кезінде неге маңызды?

Докозагексаен қышқылы (DHA) – омега-3 май қышқылы, ол адам ағзасының дұрыс қызмет етуі үшін аса қажет. Бұл қышқыл жасуша мембраналарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мидың, көздің және жүйке жүйесінің қалыпты дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Қазіргі уақытта ДГҚ-ның ми мен көру функцияларын қалыпты деңгейде ұстауға көмектесетіні жақсы белгілі.

Ғылыми деректер көрсеткендей, бала өмірінің белгілі бір кезеңдерінде, әсіресе жүктіліктің соңғы триместрінде және өмірдің алғашқы алты айында, мида және көз торында ДГҚ қарқынды жиналады. Бұл кезеңде бала тек ана сүті арқылы микроэлементтерді алады, сондықтан анасының тамағы мен қоспаларының сапасы өте маңызды.

Осы себептен жүкті және бала емізетін аналарға өз балаларында ми мен көздің қалыпты дамуына ықпал ету үшін күніне кемінде 200 мг ДГҚ қабылдау ұсынылады. Оң әсерге ересектерге арналған омега-3 май қышқылдарының тәулігіне 200 мг ДГҚ қолдану арқылы қол жеткізіледі, мысалы, 250 мг ДГҚ және ЭПҚ (эйкозапентаен қышқылы).

Омега-3 май қышқылы ретінде ДГҚ негізінен лосось, форель, сардина немесе скумбрия сияқты майлы балықтарда кездеседі. Дегенмен, соңғы уақытта біз бүгін жейтін балықтың қауіпсіздігі, оның шығу тегі мен ықтимал ластайтын заттары тұрғысынан талқылануда.

Осының бәрін ескере отырып, ананың және баланың күнделікті қажетті тағамдық құндылығын қамтамасыз ету мақсатында PreMama duo формуласы бір капсулаға 200 мг ДГҚ дозасын қамтиды.

ПреМама Дуо дегеніміз не және ол кімдерге қажет?

ПреМама Дуо – бұл жүктілікті жоспарлап жүрген, жүкті әйелдерге және босанған аналарға арналған биологиялық белсенді қоспа. Бұл аналарға жүктілік пен емізу кезеңінде өздерін жақсы сезінуге және жаңа отбасы мүшесімен ерекше сәттерден ләззат алуға көмектеседі.

ПреМама Дуо –  дәрумендер, минералдар және омега-3 май қышқылдарынан тұратын кешенді өнім. Оның құрамы жүктілікке дейінгі күтім және жүктілік пен емізу кезіндегі дұрыс тамақтану бойынша ЕО-ның соңғы ұсыныстарына сәйкес жасалған.

ПреМама Дуо әрбір қаптамасында 30 таблетка және 30 капсула бар.Таблеткалар, сіз үшін маңызды, 11 дәрумен мен 10 минералдан тұрады,ал  капсулалар,жүктілік және емізу кезінде аса маңызды омега-3 май қышқылдары- докозагексаен қышқылын (ДГҚ) қамтиды.

Күн сайын ПреМама Дуо 1 таблеткасы мен 1 капсуланы тамақтан кейін қабылдауға кеңес береміз. Оларды бірге немесе бөлек қабылдауға болады – бұл сіздің таңдауыңызға байланысты.

ПреМама Дуо туралы толығырақ «Өнім туралы ақпарат» бөлімінен біліңіз.

Жүктілік кезіндегі салмақ қосу: қаншалықты қалыпты?

Алдымен, сізді жігерлендіретін бір ақпаратпен бастайық: жүктілік кезінде салмақ қосу – бұл мүлдем қалыпты жағдай. Әдетте, жүкті әйелдер 10-12,5 кг аралығында салмақ қосады. Оның ең қарқынды өсуі жүктіліктің 20-аптасынан кейін байқалады.

Алайда, жүктілік кезіндегі салмақ қосу туралы айтарда бір маңызды жайтты ескеру керек: Маңыздысы – бұл салмақтың денсаулыққа пайдалы болуы. Бұл дұрыс және қоректік заттарға бай тағам тұтыну және бүкіл жүктілік бойы белсенді болу арқылы қамтамасыз етіледі. Осылайша, салмақ қосу күтілетін және қалыпты диапазонда болады.

Егер тым көп салмақ қоссаңыз, қандай асқынулар болуы мүмкін?

Жүктілік кезіндегі тым үлкен салмақ сізге де балаңызға зиянды, күрделі асқынулардың даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Осындай асқынулардың бірі жүктілік немесе преэклампсия кезінде пайда болуы мүмкін гипертония болып табылады

Гестациялық диабет жүктіліктің тағы бір ықтимал асқынуы болып табылады Егер қан құрамында тым көп глюкоза болса, бұл нәрестенің шамадан тыс үлкен болып тууына әкелуі мүмкін.

Алайда, денсаулығыңызбен ешқандай проблема туындамаса да, салмақ артқан сайын, артық салмақты жоғалту соншалықты қиын болады.

Біз бұған дейін жүктілік кезінде шамадан тыс салмақ қосу мәселелі болуы мүмкін екенін айттық. Дегенмен, салмақтың жеткіліксіз қосылуы да денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Егер ана жүкті кезінде жеткілікті салмақ жинамаса, бұл шала туған немесе салмағы төмен нәрестенің дүниеге келуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен, жүктілік кезінде сау салмақ жинау үшін не ұсынылады?

Мамандар жүктілік кезінде теңгерімді және дұрыс тамақтану режимін ұстануға кеңес береді: Бірінші және екінші триместрде (күнделікті ұсынылатын калория мөлшеріне) қосымша 350 калориядан артық тұтынбау керек; жүктіліктің соңғы триместрінде 450 артық емес қосымша калория тұтыну ұсынылады

Егер сіз екі егізге жүкті болсаңыз, калория қажеттілігі өзгереді, сондықтан тамақтану тәртібін соған сәйкес бейімдеу керек. Сонымен қатар, өңделген тағамдар мен қосылған қанттар мен майларды тұтынуды азайту ұсынылады. Және ең маңыздысы – бүкіл жүктілік кезеңінде дене белсенділігін сақтауға тырысыңыз

Жүктілік кезінде қанша салмақ жинауыңыз керектігін анықтағанда ескеретін тағы бір жайт – бұл сіздің бастапқы ДМИ (дене массасының индексі немесе артық дене салмағы). Жоғары ДМИ бар әйелдер жүктілік кезінде аз салмақ қосуы керек. Төмен ДМИ бар әйелдерге, керісінше, біршама көбірек салмақ жинау ұсынылады.

Дәрігеріңізбен барлық сұрақтарыңыз бен алаңдаушылықтарыңыз туралы сөйлесіңіз және жүктілігіңізді рақаттанып өткізіңіз. Жүктілік – аналыққа бастайтын ғажайып саяхат. Сондықтан осы ерекше кезеңді барынша пайдаланып, оның әр сәтінен ләззат алыңыз!

Жүктілік кезіндегі фолий қышқылының маңыздылығы

Фолий қышқылы дегеніміз не және оның пайдасы қандай?

Қызықты факт: Фолий қышқылы – кез келген жастағы әйелдер үшін пайдалы. Бұл тек жүкті болғысы келетін немесе жүкті әйелдерге ғана емес, барлық әйелдерге қажет маңызды дәрумен

Фолий қышқылы жүкті әйелдерге әсіресе маңызды. Сіз, бәлкім, неге екенін сұрайтын шығарсыз. Себебі: – бұл қышқыл емес, В (В9) тобының дәрумені,

– өйткені ананың фолий қышқылының төмен деңгейі дамып келе жатқан ұрықта нерв түтігінің ақауларының дамуының қауіп факторы болып табылады. Нерв түтігі баланың бас миы мен жұлын миды қалыптастырады, ол нерв жүйесі үшін қажет.

Фолий қышқылының биологиялық белсенді қоспа ретінде қабылдануы жаңа туған нәрестенің нерв жүйесінің зақымдану мөлшерін 70%-дан астамға төмендететіні туралы ақпарат, 20-шы ғасырдың ең маңызды медициналық ашылуларының бірі болып табылады. Сонымен, неге фолий қышқылын жүкті әйелдерге ұсынатыны түсінікті болды.

Сондай-ақ бас және жұлын миының негізгі дамуы жүктіліктің бірінші триместрінде болатынын білу маңызды. Алғашқы 12 аптаның шешуші мәні бар, сондықтан фолий қышқылын дәл осы кезеңде қабылдау ұсынылады. Ең дұрысы, сіз кемінде 3 ай бұрын фолий қышқылын қабылдауды бастауыңыз керек, өйткені жалпы ережеге байланысты фолий қышқылын қабылдауды бастауға ешқашан ерте емес.

Оң әсерге жүктілікке дейін бір ай ішінде және жүктіліктің алғашқы үш айы ішінде кемінде 400 мкг фолий қышқылын қосымша күнделікті қабылдау кезінде қол жеткізіледі.

Қымбатты ханымдар, баланы жоспарласаңыз да, жүкті болсаңыз да, сіздің гинекологыңыз немесе фармацевт сіздің қажеттіліктеріңіз үшін арнайы әзірленген биологиялық белсенді қоспаны ұсынуы мүмкін. Оның құрамында фолий қышқылы болуы міндетті. ПреМама Дуо құрамында 400 мкг фолий қышқылы, тағы 10 дәрумен, 10 минерал және омега-3 май қышқылы қамтылған.

Жүктілік кезіндегі ісіну: қашан пайда болады және не істеу керек?

Құрметті жүкті әйелдер, сіздерге сәл ескерту: жүктілік кезіндегі ісіну – бұл мүлдем қалыпты жағдай. Егер сіз аяқтар, саусақтар немесе бет ісініп кеткен жүкті әйелдердің қатарына жатсаңыз, сізді жақсы түсінеміз. Сіз өзіңізді ауамен толтырылған шар сияқты сезініп, кейде солай көрініп тұрмын деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды, солай емес пе?

Жүктіліктің соңғы айларында ісіну жиі кездеседі, бұл қалыпты жағдай. Жүкті әйелдердің үштен екісі аяғының (әсіресе, тобық), саусақтарының және бетінің ісінуіне шағымданады. Сондықтан бұл туралы көп уайымдамаңыз, керісінше жүктіліктің соңғы кезеңдерінен ләззат алуға тырысыңыз.

Жүктілік кезінде ісіну қашан пайда болады?

Ісіну жүктіліктің кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін, бірақ көбіне үшінші триместрде байқалады. Алайда, көптеген жүкті әйелдер күннің соңында ісінудің күшейетінін байқайды. Бұл мүлдем қалыпты құбылыс, өйткені көптеген жүкті әйелдер жүктілік кезінде жұмысын жалғастырады. Ұзақ уақыт бойы отыру немесе тік тұру ісінуге ықпал етеді. Жаз мезгіліндегі жүктілік – ісінудің пайда болуына себеп болатын тағы бір фактор. Ісіну таңертең азайып, кешке қарай күшеюі мүмкін.

Неліктен жүктілік кезінде ісіну пайда болады?

Бұл құбылыстың дұрыс медициналық түсіндірмесі бар: жүктіліктің екінші триместрінде ағзадағы қан айналымы баяулайды, бұл тіндерде сұйықтықтың жиналуына әкеледі. Сонымен қатар, жатырдың ұлғаюы төменгі қуыс венасына қысым жасайды. Бұл қан айналымын баяулатып, орталық қан айналымына қан ағымын азайтады, сондықтан ісіну байқала бастайды да аяқтар мен басқа дене мүшелерінің ісінуіне себеп болады.

Егер ісіну біртіндеп пайда болса, бұл қауіпті емес, сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ.

Алайда, жүктілік кезінде ісікті азайту үшін не істей аласыз?

Аяқты көтеріп көріңіз. Егер сіз күні бойы отырған немесе тік тұрған күйде көп уақыт өткізсеңіз, аяқтарыңызды көтеріп демалуға уақыт табыңыз. Немесе, бәлкім, түнгі уақытта аяқ астына жастық қою туралы ойлануыңыз керек шығар.

Сондай-ақ, ас тұзын тұтынуды азайтып, суды тұтынуды арттыра аласыз. Сұйықтықты кідіртпеу үшін жүктіліктің соңғы мерзімдерінде тұздалған тағамдарды тым көп жемеңіз

Ақырында, егер жүктілік кезінде ісік тым жағымсыз және айқын көрінетін болса, компрессиялық шұлық сатып алуға болады. Бұл шұлықтар үнемі пайдалануға жатпайды, бірақ олар ісікке қысым жасау арқылы өте көмектеседі. Егер сіз үшінші триместрде көп тұруға мәжбүр болсаңыз, оларды кию ұсынылады.

Қорытындылай келсек… Алаңдауды қойыңыз!

Жүктілік кезінде ісіну жағымсыз, бұл шындық. Сіз өзіңізді әуе шары сияқты сезінесіз және ішіңізде өсіп келе жатқан бала сізге көп көмектеспейді. Бірақ ісік әдетте босанғаннан кейін өтеді, сондықтан сабыр етуге тырысыңыз және ол өтіп кетеді. Жақында сіз өзіңіздің сәбиіңізді құшақтайсыз – бұл бәрінен маңызды. Ал басқа барлық қиындықтар артта қалады.

Жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі қанұйық (тромб) пайда болу қаупі: белгілері және алдын алу

Әрбір босанған әйелде босанғаннан кейін қан кету болады. Сонымен қатар, кез келген босанған әйелде қанұйық пайда болу қаупі бар. Қанұйық пайда болу қаупі босанғаннан кейінгі алғашқы 6 аптада жоғарылайды. Тромбтардың пайда болуынан болатын асқынулардың көпшілігі босану кезіндегі жарақаттардан туындайды. Көптеген қанұйықтары (тромбтар) босанудан кейін пайда болады, бірақ кейбір жүкті әйелдерде олар жүктілік кезінде де пайда болуы мүмкін. Кесар тілігі арқылы босанған әйелдерде қан ұю қаупі қынап арқылы босанғандарға қарағанда жоғары.

Тромб дегеніміз не деп? сұрайтын боларсыз

Босанғаннан кейін қан кету – қалыпты құбылыс. Бұл дененің босанудан кейін қалпына келуі және жатырдың шырышты қабатының «тазалану» процесі екенін білдіреді.

 Босанған әйелдер жиі кездесетін екі негізгі тромб түріне тап болуы мүмкін:

Бірінші түрі – босанғаннан кейін қынап арқылы өтетін түрі. Ол жатыр шырышты қабығының көп секрециясының нәтижесі болып табылады. Босанғаннан кейінгі плацентаның бөлінуі нәтижесінде тромб қалыптасуының басталуы мүмкін.  Бұл түрдегі қан ұйындысы зиянсыз және әйел ағзасынан қынап арқылы толық шығуы тиіс. Босанғаннан кейінгі кезеңде тұрақты қан кетулері бар тромбты оның сыртқы түрі бойынша анықтаудың бір жеткілікті дәлме-дәл тәсілі бар. Тромб – бұл бір-біріне жабысқан қан массасы, ол қою, студень тәрізді немесе шырышты құрылымға ие.Қалыпты босанғаннан кейінгі қан кетулер – әдетте сұйық, қою емес және студень тәрізді құрылымсыз болады.

Екінші типтегі қан ұйығы (тромбоз) – аса қауіпті. Бұл тромб – әлдеқайда сирек кездесетін, бірақ медициналық көмекті қажет ететін қауіпті жағдай. Медицинада бұл тромб «терең көктамыр тромбозы» (ТКТ) деп аталады. ТКТ көбінесе: аяқта, қолда, жамбаста немесе жамбас қуысында пайда болады. Емделмеген жағдайда ТКТ ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Босанғаннан кейінгі терең көктамыр тромбозының (ТКТ) қауіп факторлары қандай?

Әңгіме мынада. Әйелде ТКТ жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде де дамуы мүмкін. ТКТ дамуы мүмкін әйелдердің бірде-бір профилі жоқ. Алайда жүктілік кезінде ТКТ даму қаупі артады, егер әйелде генетикалық бейімділік болса немесе бұрын тромбозбен ауырған болса – ТКТ даму қаупі жоғарылайды. Жасы үлкен ана, артық салмақ (семіздік), қозғалыс шектеулілігі, сондай-ақ, егер әйелде жоғары қан қысымы немесе қант диабеті, ауыр инфекциялар және басқалары сияқты кейбір алдыңғы аурулары болса тромбоз қаупін арттыратын факторлары болып табылады.

Бірақ симптомдары туралы не айтуға болады? Сізде тромб пайда болатынын қалай анықтауға болады?

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе жақында босанған болсаңыз, келесі белгілерге ерекше назар аударыңыз: тыныс алудың қиындауы (ентігу), қызу (лихорадка), аяқтың немесе қолдың ауырсынуы (әсіресе жүргенде немесе тұрғанда) Ісіну, көктамырлардың айқын көрінуі немесе терінің қызаруы немесе бозаруы. Бұл белгілер тромбоздың дамып жатқанын көрсетуі мүмкін, сондықтан осы симптомдарға дереу назар аудару қажет

Тромбтың алдын алу үшін не істеу керек?

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе жақында босансаңыз, тромбтың пайда болуын болдырмау үшін жасай алатын бірнеше нәрсе бар. Қозғалыс алдын алуға көмектеседі. Дәрігерлер сізге ұзақ уақыт бойы бір орында отырудан бас тартуға кеңес бере алады, бұл босанғаннан кейін де дұрыс. Біз бұл қиын екенін білеміз, бірақ сізге өзіңізді көбірек қозғалуға ынталандыру керек. Дәрігерлер тобы босанғаннан кейін бірден жүруге кеңес береді. Иә, біз білеміз, сіз ісініп, шаршап, ауырып жатырсыз, бірақ та сізге жүру керек. Дегенмен, бұл сізге зиян келтіргеннен гөрі пайда әкелуі мүмкін.

Алайда, егер тромб ппайда болса, қатты алаңдамаңыз, дәрігер сізге арнайы ем тағайындайды. Осы уақытта сабырлы болуға тырысыңыз. Үрейленбеңіз, медициналық топ сіздің жүктілік және босану кезеңдеріңізді мұқият бақылайды. Ең бастысы – сабыр сақтау және дәрігердің кеңестерін орындау. Барлығы бақылауда, ал сіздің және балаңыздың денсаулығы – ең маңыздысы.

Жүктілік кезіндегі резус-үйлеспеушілік: онымен не істеу керек? 

Жүктілік кезінде әйелдер көптеген медициналық тексерулерден өтеді. Соның ішінде қан тобы мен резус-факторды анықтайтын қарапайым қан талдауы өте маңызды екені сөзсіз. 

Біз жүкті әйелдерде қан талдауларының маңызына көшуді жоспарлап отырмыз, ал қазір резус-факторды толығырақ қарастырайық.  

Резус-фактор дегеніміз не және ол неге маңызды? 

Резус-фактор: бәрімізде болатын маңызды ақуыз. 

Резус-фактор – бұл кейбір эритроциттерде болатын ақуыз. Егер адамда бұл ақуыз бар болса, оның қан тобы резус-оң (+) деп аталады,ал егер жоқ болса, оның қан тобы резус-теріс (-)  болады.Бұл  ақуыз биологиялық ата-аналардан тұқым қуалайды.Бірақ жүктілік кезінде резус-фактор айырмашылығы кейбір асқынуларға әкелуі мүмкін. 

Резус-үйлеспеушілік және ықтимал асқынулары 

Жүкті кезінде резус-үйлеспеушілік – резус-теріс қан тобына жататын жүкті әйел резус-оң қан тобына ие баланы көтерген кезде дамитын жағдай. Баланың және ананың резус-факторының әртүрлі типтері резус-үйлеспеушіліктің себебі болып табылады. Қарапайым сөзбен айтсақ, ананың резус-теріс қан тобы баладағы резус-оң клеткаларды бөтен дене ретінде қарастырып, оларды шабуылдайды. Қалай? Баланың қан тобына қарсы әрекет ететін антидене шығарумен, ананың иммундық жүйесі баладағы резус-оң қан жасушаларын «жат» дене ретінде қабылдап, оларды жоюға тырысады. Баланың резус-факторының үйлеспеушілігінің симптомдары жеңілден ауыр түріне дейін өзгеруі мүмкін, бірақ туылған кезде жалпы симптомдарга сарғаю, төмен бұлшықет тонусы және әлсіреу жатады. 

Егер сіздің теріс резус-факторыңыз болса, ал серігіңіздің резус-оң болса, бірінші жүктілік кезінде бәрі тәртіпте болуы тиіс. Дегенмен, егер сіз екінші немесе үшінші жүктілікте болсаңыз, бұл туралы дәрігеріңізбен сөйлескеніңіз жөн болар. Кумбс тесті де қажет болуы мүмкін. Қарапайым қан үлгісімен медициналық қызметкерлер сізде балаңызбен резус-үйлеспеушілік бар-жоғын анықтайды. 

Процедура қандай? 

Уайымдамаңыз, жақсы жаңалық – резус-үйлеспеушілікті емдеудің тиімді әдісі бар және сіздің келесі жүктілігіңіз қауіпсіз болуы тиіс. Сізге кеңес беретін медициналық топ егер сізде балаңызбен резус-үйлеспеушілік болуы мүмкін екенін анықтаса, сізге, мүмкін, резус-иммуноглобулиндерден екі инъекция жасау керек болады. Біріншісі шамамен жүктіліктің 27-аптасында, ал екіншісі босанғаннан кейін 72 сағат ішінде жасалады. Бұл инъекциялар сізді кейінгі жүктіліктерде қорғауы тиіс…Егер сізде алдыңғы жүктілікте түсік болса, сіздің ағзаңыз бұл жүктілікті алғашқы жүктілік ретінде қабылдауы мүмкін. 

 Егер сіз резус-теріс қан тобындағы болашақ ана болсаңыз – алаңдамаңыз! Резус-үйлеспеушілік болған күннің өзінде сіз дені сау сәби дүниеге әкеле аласыз. Ең бастысы – қан тобыңызды және серігіңіздің қан тобын білу, ал қалғанын дәрігерлерге тапсырыңыз. Жүктілік кезіндегі қадағалау – аса маңызды, өйткені ол жүктілік кезінде асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Резус-үйлеспеушілік дер кезінде анықталса, оны толықтай дерлік алдын алуға болады.

Кесар тілігі арқылы босану мен табиғи босанудан кейінгі қалпына келу: айырмашылығы неде? 

Босану – бұл жүктіліктің ең соңғы кезеңі. Сіз тоғыз ай бойы күткен ерекше сәт жақындап қалды – сіз балаңызды құшақтайсыз! Егер сіз босануға дайындық курстарына қатысқан болсаңыз, босанудың екі негізгі әдісі туралы білетін шығарсыз. Вагиналды босану мен кесарь тілігінің айырмашылығы бар. 

Вагинальды босану мен кесарь тілігі 

Әрине, вагинальды босану мен кесарь тілігі туралы сөз қозғап отырмыз. Олар босану әдісімен және босанғаннан кейінгі кезеңде қалпына келу уақытымен өте әртүрлі. Дегенмен, егер екі босану түрінің ортақ нәрсесі болса, ол – кейінгі қан кету. Қан кету және вагинальды қан шығару вагинальды босануда да, кесарь тілігі арқылы босануда да жиі кездеседі, бірақ уайымдауға себеп жоқ. 

Босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету (немесе лохия) қалыпты және әдетте босанғаннан кейін төрттен алты аптаға дейін созылады. Алғашқы күндері қан бөліністері көп болады, бірақ біртіндеп азаяды. Гигиеналық құралдарды дұрыс таңдау маңызды: Тампондары пайдаланбау ұсынылады, өйткені олар инфекция қаупін арттырады. Гигиеналық төсемелерді қолданған жөн. 

Сондай-ақ осы кезеңде сіздің асқазаныңыз өзінің бастапқы мөлшеріне қалай баяу оралып жатқанын байқайсыз. Бұл процесс әр анада әртүрлі өтеді, сондықтан шыдамдылық таныту қажет. Кейде жатыр жиырылуымен байланысты ауырсынулар болуы мүмкін, бірақ бұл қалыпты құбылыс. Бұл жиырылулар босанудан кейінгі жатырдың қалпына келуіне көмектеседі, сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. 

Бұл вагинальды босанудың және кесарево тілігінің негізгі сипаттамалары мен ұқсастықтары. Екеуінің айырмашылығы неде? 

Вагинальды босануды қарастырайық: 

Атауынан көрініп тұрғандай, бұл босанудың түрі вагинальды арна арқылы босануды білдіреді. Бұл босанудың ең кең таралған тәсілі, ал кейбір дереккөздер бойынша, ең қауіпсізі. Вагинальды босану үш жеке кезеңнен тұрады. Соққылар (схватки), босану және плацентарлы босану яғни плацентаның бөлінуі. Вагинальды босану спонтанды немесе индуцирленген болуы мүмкін, ал белгілі бір кезеңдерде қосымша вагинальды босану жүргізіледі. Бұл вагинальды босанудың түрінде акушер қысқыш (пинцет) немесе вакуумды пайдаланып, баланы вагинальды арнадан шығарады. 

Вагинальды босанудан кейін қалпына келу уақыты әдетте қысқарақ (кесарево тілігімен салыстырғанда) және инфекциялар қаупі төмен. 

Сонымен қатар, вагиналды босанудан кейінгі қалпына келу кесар тілігімен салыстырғанда тезірек өтеді. Инфекция қаупі төмен. Баланы емізу мен лактация процесін бастау оңайырақ. Жаңа туған нәрестеде тыныс алу проблемаларының қаупі төмен. . 

 Дегенмен, вагиналды босанудың да белгілі бір қолайсыздықтары болуы мүмкін 

Вагинальды босану мүмкін болғанда, таңдалған нұсқа болып есептеледі, бірақ эпизиотомия сияқты кейбір ыңғайсыздықтар мен қауіптер бар. Эпизиотомия –бұл вульва мен анус арасындағы тіндерді тілу. Бұл процедура босану процесін жеңілдету үшін дәрігерлер командасы жиі орындайды. Егер вагинальды босану кезеңдерінің бірінде сізде вагинальды жыртылу (немесе дәрігеріңіз шатты кесіп тастаса) болса, босанғаннан кейін сол аймаққа тігіс салынады.Тігістерді салу отыру мен жүруді ауырлатуы мүмкін, бірақ бұл қалпына келтіру кезеңі бірнеше аптадан артық уақыт алмағаны жөн. Сондықтан алаңдауға болмайды.  

Кесар тілігі туралы жалғастырайық: 

Кесар тілігі – бала босанудың тағы бір нұсқасы, бірақ ол табиғи босанудан айтарлықтай ерекшеленеді. Кесар тілігінен кейін ауруханада болу уақыты 2-4 күнге дейін созылады. Кейбір бойынша толық қалпына келу 4-6 апта уақыт алады. Осы кезеңде жатыр жиырылып, спазмдар пайда болады және осы уақыт ішінде аналар вагинальды босанудағыдай проблемалармен бетпе-бет келуі мүмкін. 

Кесар тілігі ауырсынумен жүруі мүмкін, бірақ ауруханада болған кезде сізге ауырсынуды басатын дәрілер беріледі. Мүмкін, медициналық бригада сізге тігісті мұқият тазалау және стерильдеу туралы нұсқау береді. Сізге сондай-ақ тігіске тиіспейтін және тітіркендірмейтін бос мақта-мата киімді және іш киімді киюге кеңес береді.